Отбасы – менің тірегім

Қар 13, 2025

Мен үшін отбасы – қымбат қазына. Отбасымда әкем, анам, екі бауырым, бір қарындасым және мен бармын. Біз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз және әрқашан қолдаймыз.

Әкем – біздің қорғаушымыз. Ол көп жұмыс істейді. Сонысымен бізге үлгі болады. Анам – мейірімді. Бізге дәмді тағамдар дайындайды, сабағымызға көмектеседі. Мен анама бауырларыма қарауға көмектесемін. Біз демалыс күндері бірге серуендеп, уақытты қызықты өткіземіз.

Отбасы шағын мемлекет сияқты. Ол жерде сыйластық, мейірім және қуаныш бар. Мен өз отбасымды мақтан етемін.

Фатих ҚУАНДЫҚҰЛЫ,  Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектептің 4-сынып оқушысы.