Табиғат картасының пайдасы

Жел 18, 2025

Қазіргі заманда табиғи ресурстар мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау және биоалуандылықты қорғау – әлемдік деңгейде аса маңызды мәселелердің бірі. Қазақстан аумағында, соның ішінде Павлодар облысында да сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар саны жыл сайын артып келеді. Бұл жағдай экожүйенің бұзылуына, биологиялық тепе-теңдіктің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан да өңірлік деңгейде табиғи мұраларды зерттеу мен қорғаудың заманауи тәсілдерін қолдану –
уақыт талабы.

Бүгінде экология мен биология саласындағы зерттеулерге ақпараттық технологияларды, соның ішінде нейрожелі, 3D модельдеу, виртуалды картография сынды жаңа құралдарды енгізу – ғылым мен білім беру процесін жаңғыртудың маңызды бағыты. Бұл тәсіл табиғат нысандарын тек ғылыми тұрғыда  емес, визуалды әрі интерактивті түрде танып-білуге мүмкіндік береді.

Павлодар облысы флора мен фаунаға бай өңір бола отырып, Қазақстанның табиғи қорын сақтау ісінде маңызды рөл атқарады. Алайда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы ақпарат шашыраңқы, кейбірі мүлде қолжетімсіз болуы мүмкін. Сондықтан бірегей деректерді 3D форматта жинақтап, виртуалды картаға енгізу аймақтың биологиялық мұрасын жүйелеуге, сақтау мен насихаттауға зор үлес қосады. Осы ғылыми-зерттеу жұмысымызды 3 жыл бұрын бастаған едік. Алдымен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, керекті мәліметтер мен ақпаратты тауып, кейін оларды жинақтай бастадық.

Біз жұмысты Павлодар облысының табиғатын, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктерін зерттеуден бастаған едік. Баянауыл және Шарбақты аудандары көбіне флора мен фаунаға бай болған соң, 3 жылдай сол жерлерге барып, орман мен тауларды араладым. Көрген-білген мәліметтерді камераға түсіріп, жинастырдым. Кейін жинаған мәліметтер негізінде 3D авторлық виртуалды «NeuroAtlas» картасын және 3D альбом жасадым.

Кәрім ДОСОВ, Павлодар қалалық №35 орта мектептің 4-сынып оқушысы.