М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Bala business» байқауының облыстық туры өтті. Онда 5-11-сынып оқушылары қызмет көрсету, өндіріс, сауда, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық және бизнес саласындағы өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды. Облыстық турға барлығы 33 оқушы қатысты. 

Жарыс барысында микрожасылдарды өсіру және сату, зергерлік бұйымдар жасау, қызмет көрсету, өндіріс, сауда, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық салаларындағы бизнес-жобалар үлкен қызығушылық тудырды.

Оқушылар «Кәдесый сағаттар жасау», «2-5 жас аралығындағы балаларға арналған дамытушы ойындар», «Үй жағдайында табиғи шөптен емдік сабын дайындау», өз суретіңізбен бұйымдар жасау үшін «kirart» интернет-дүкенін ашу атты жобаларын таныстырды. Байқау мектеп оқушыларының өмір сүру сапасын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларын анықтауға және одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша «Bala business holiday» жас кәсіпкер мектебінде оқитын жас кәсіпкерлер командасы құрылады. Құрылған команда үшін оқыту бағдарламасы дайындалды. Онда қатысушылар бизнес-тренерлерден, жаттықтырушылардан тренингтер өтті.

— Басты мақсат – кәсіпкерлік ойлауды мектеп қабырғасынан дамыту. Мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыру үшін оқу үдерісіне тәжірибесі мол кәсіпкерлерді тарту қажет. Біздің жобаның жеңімпаздары «Кәсіпкерлік негіздерін» оқып, бизнесті ұйымдастыруды үйренеді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерге қажет қасиеттерді алуға мүмкіндік бар, — дейді жоба ұйымдастырушысы, әдіскер Оксана Фрик.

— Менің жобам «Микрожасыл өсімдіктерді өсіру» деп аталады. Әрбір өсімдікте көптеген дәрумен мен пайдалы қасиеттер бар. Ол әртүрлі аурулармен күресу үшін қолданылады. Мысалы, шалғам ас қорыту қабілеті нашар адамдар үшін пайдалы, ал шпинат холестерин деңгейін төмендетеді. Егер сіз өскіндерінде құнды дәрумендер бар бидай, сұлы, арпа өсіретін болсаңыз, гидропоникалық әдіспен үй жануарларына азықпен қамтамасыз еткенде шығыны аз болады. Сонымен бірге азықтық қуаттылық жағынан құнды болады.

Мансұр БОЛАТ,  Ұзынсу орта мектебінің 7-сынып оқушысы, Ертіс ауданы.

 

— Бүгінде дөңгелек үлгідегі үстелдер келіссөздер үшін белсенді қолданылады. «Бүкіл отбасы шеңберіне жиналу» немесе «жақын серіктестер» сияқты қанатты сөздер дәл осы танымал жиһаз түріне байланысты пайда болды. Дөңгелек үлгідегі үстелдің ерекшелігі, адамдар бір-біріне кедергі жасамайды және өздерін жайлы сезінеді. Практикалық тұрғыдан, дөңгелек ағаштан жасалған бұйымдар ең қауіпсіз. Бұл көпбалалы отбасылар үшін немесе тар бөлмелі үйлер үшін маңызды. Кондитерлік пластик терезелер пайда болғаннан бері қалалы жерлерде кішкентай балалардың ашық тұрған терезеден құлап кету оқиғасы жиі орын алады. Көп жағдайда ашық терезенің тұсына торлы қалқан құрып қояды. Сөйтіп, кішкентай балалар сол торлы қалқанға сүйенем деп құлайды. Осы келеңсіз жағдайдың алдын алу мақсатында «Пластик терезелердегі бала қорғанышын» жасауды қолға алдық.

Темірлан СЕКЕРБАЕВ, Павлодар қалалық №25 орта мектептің 8-сынып оқушысы.

 

— Бала кезімнен көптеген шығармашылық жұмыспен айналысып келемін. Мәселен, фортепианода ойнау, бисермен сақина жасау, мысықтарға киім тігу және картина салу ісімен шұғылданамын. Қазіргі уақытта сабын және табиғи скраб жасау ісін бастадым. Мысалға люфа қосылған целлюлитке қарсы, теріні жұмсартатын, сұлы, құрғақ сүт, бал, раушан, лаванда, қызғалдақ қосылған сабын түрлерін жасаймын. Болашақта оны кеңінен өндіруді мақсат етемін. Себебі, ұлттық өндірісті жетілдіру — экономиканық өсуінің басты бөлшегі. Әлемде сан алуан өнеркәсіп бар. Сол елдердің тауарлары біздің дүкендеріміздің сөрелерінде тұр. Ал біздің болашағымыз үшін экономиканы жақсарту әрбір адамнан басталады. Ұлттық өндірістердің тауарлары барлық Қазақстан дүкенінің сөресінде тұруы экономикаға оң әсерін тигізіп қана қоймай, жеке бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.

 

Ясмин ЖҰМАНҒАЛИЕВА, Абай Құнанбаев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы,  Шарбақты ауданы.

Оқушылардың ізденіс жұмыстарын үйлестірген — Әсем АИПОВА, М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері.