Талапты жас – ел ертеңі

Там 21, 2025

Бүгінгі заман — білім мен бәсеке кезеңі. Мұндай кезеңде жаңаша ойлап, тың бастама көтере алатын, көшбасшылық қабілетімен дараланған жастар елдің болашағына айналатыны сөзсіз. Солардың бірі — павлодарлық Алдияр Жұмаш.

Павлодар ауданындағы Заря орта мектебінің 11-сынып оқушысы Алдияр Жұмаш жуырда «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында өзінің білімімен, дарындылығымен ерекшеленіп, Қазақстанның өңірлерінен жиналған 108 үміткердің ішінен финалға жолдама алған 6 үздіктің бірі атанды. Ол Хабар арнасының арнайы дайындаған қаржылай сертификатымен және Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің дипломымен марапатталды.

Алдиярдың бойынан табан-дылық пен терең білімге деген құштарлық анық байқалады. Ұстаздарының айтуынша, ол ізденуге, жаңа мәліметпен жұмыс істеуге, топпен идея алмасуға бейім.

— Алдияр – біздің мақта-нышымыз. Оның бойындағы көшбасшылық қабілеті, ойының ұшқырлығы мен жауапкершілігі өзгелерге үлгі бола алады, — дейді ұстаздары.

 

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.