«Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?» — деген шумақты білмейтін қазақ аз. Өйткені, ол – әнге айналған өлең.

«Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» дегенді айтқан да дана халық. Туған жер кім-кімге болса да ыстық. Шыр етіп, дүние есігін ашқанда кең құшағын тосатын – туған жер. Кіндік қаның тамып, ес біліп есейгенше туған жердің таңымен бірге оянып, күнімен бірге батасың.

Туған жердің әрбір қырат, тау-тасы, өсімдігі, тіпті жәндігіне дейін жүрегіңді шымырлатып, бойыңа қан таратады. Солармен бірге адам ретінде тірлік кешетін, жақсы, жаманды айыруды үйрететін тұрағың – осы жер. Сондықтан қайда жүрсең де, туған жердің будақтаған түтіні, жарқыраған күні, қызарып батқан кеші шақырып тұратындай. Өйтпесе, сенде үлкен жүрек те, сезім де жоқ деген сөз!

 

Еркебұлан ЗЕЙНЕЛҚАБИДЕН,

Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің

7-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.