Қазақ әдебиетіндегі Ана тақырыбы

Қаз 9, 2025

Ана — махаббат  пен мейірімнің белгісі. Қазақ әдебиетінде ана тақырыбы әрдайым ерекше орын алып, ақын-жазушылардың шығармаларында жан жақты бейнеленген. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, оның төзімділігі мен ерлігі көптеген туындыда  көрініс тапқан.

Қазақ  әдебиетінде ана тақы-рыбының  маңызды орын алуы тек  әдебиетшілердің өздерінің жеке көзқа-расымен емес, халықтың сан ғасырлық дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құндылықтарына да байланысты. Ана — қазақ халқында ерекше құрметке ие тұлға. Ол отбасында ғана емес, қоғамда да маңызды рөл атқарады.

Қазақ поэзиясында ана бейнесі үлкен орын алған. Мәселен, белгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың «Ана», «Шеше, сен бақыттысың» өлеңдері — оның бала өміріндегі орнын айшықтырады. Ақын ананың қадірін, оның бала үшін қандай маңызды тұлға екенін  ерекше сезіммен жырлайды. Фариза Оңғарсынова да — ана туралы  көп өлең жазған ақындардың бірі. Ақын өлеңдерінде ананың  мейірімімен қатар, оның  күрескерлік сипаты да  көрініс табады. Ана тек отбасының емес, бүкіл ұлттың тірегі деген ойды  қаламгер ерекше жеткізеді.

Сондай-ақ, Ілияс Жансүгіровтің «Ана» поэмасы қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Бұл поэмада ақын ана мен бала арасындағы  терең байланысты, ананың балаға деген шексіз сүйіспеншілігін, сол сүйіспеншіліктің қоғамдағы  орнын терең бейнелейді.

Сәкен Сейфуллиннің  ана туралы шығармаларында да әйелдің қадірін, оның  қоғамдағы орнын атап өткен. «Ана» өлеңінде ол ананың баласы үшін жанын пида ететін қасиетін суреттейді.

Қазақ әдебиетіндегі  ана тақырыбы  — ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, жүрекке жол табатын тақырыптардың бірі. Ақын-жазушылардың  шығар-малары арқылы біз ананың мейірімін, оның шексіз махаббатын  тереңірек сезінеміз. Ана – әр адамның қымбат жанашыры, өмірдің мәні  екенін  қазақ әдебиеті әрдайым дәріптеп келеді.

Жанерке АЙМҰХАМЕД, Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.