Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері болашақ өрт сөндірушілерді іріктеді.

«Өрт сөндіруші — құтқарушы» мамандығына оқуға түскісі келетін 7 сарбаз емтихан тапсыру үшін Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына аттанды.

Үміткерлерге академияға жету шарттары түсіндіріліп, нұсқаулық берілген. Өрт сөндіруші мамандығына грант жыл сайын бөлінеді. Мұндай мүмкіндікті әр аймақ пайдалана алады. Үміткерлер 4 жыл білім алғаннан кейін Павлодар облысына оралып, жұмысқа орналасады.

ТЖ департаментінің өкіл-дері үміткерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен бірге жолға аттанды.

Атап өтерлігі, облыстық төтенше жағдайлар департа-ментіне өрт сөндіруші, жүргізуші сынды мамандар қажет. Сондықтан академияға үміткерлерді жолдау кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.