«Таза Қазақтан» экологиялық акциясы Май ауданының Малайсары ауылында жалғасуда. Игі іске 70-ке жуық азамат жұмыл-дырылды.
Малайсары ауылдық округінің әкімі Аспандияр Қайролла ауыл тұрғындарын акция аясында тазалық жұмыстарына ұйытқы, игі істерге дәнекер болуға және туған жерді түлетуге атсалысуға шақырды.
— Әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың тазалығы – ауылдың тазалығы. Туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, экологиялық тазалығына атсалысу — әр азаматтың борышы. Әр елді мекеннің тазалығы, сәулеті мен көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты, —
деді ол.
Акцияға қатысушылар елді мекендегі «Ардагерлер аллеясы» маңайындағы ағаш түптерін әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден тазалады. Аталған шарада бірқатар мекеменің қызметкері мен ауыл тұрғындары белсенділік көрсетті.
Өз тілшіміз.