Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай облыс әкімдігінің қаулысы бойынша бірқатар санаттағы азаматтарға ақшалай көмек көрсетілетін болады.
Павлодар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған ақпа-
рат бойынша 9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында төмендегідей төлемдер беру жоспарлануда:
— Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әрқайсысына — 5 000 000 теңге;
— Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСРО әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының жалдамалы құрамының адамдарына — 100 000 теңге;
— Мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарында қызмет ету кезінде мүгедектік алған адамдарға — 196 600 теңге;
— Концлагерьлер мен геттолардың кәмелетке толмаған тұтқындарына — 200 000 теңге;
— Қоршаудағы Ленинградта жұмыс істеген және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» медалімен немесе белгісімен марапатталған азаматтарға — 150 000 теңге;
— 1986-1991 жылдары Таулы Қарабахтағы қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге — 196 600 теңге;
— Соғыс кезінде тылдағы жұмысы үшін ордендермен және медальдармен марапатталғандарға — 100 000 теңге.
— 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай жұмыс істегендерге — 100 000 теңге;
— Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің жұбайларына — 60 000 теңге.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда облысымызда Ұлы Отан оғысының 6 қатысушысы тұрады. Оның ішінде Павлодар қаласында 4 соғыс ардагері және 1647 тыл еңбеккері бар. Олардың есепшоттарына аталмыш бірреттік ақшалай төлем 21-25 сәуір аралығында автоматты түрде түсетін болады. Облыс бойынша мұндай қолдауды 2,8 мың адам иеленеді деп жоспарлануда. Бұл жөнінде кеңес алу үшін Павлодар қаласындағы тұрғындар 8 (7182) 32 57 80 телефон нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ, шаһардағы Кривенко көшесі, 25-үй мекенжайындағы №311 кабинеттен де кеңес алуға болады. Ал аудандағылар жергілікті жерлері бойынша орналасқан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып білуіне болады.
Н.ШОДЫР.