Алдыңғы буын ардагерлерге құрмет көрсету — қасиетті парызымыз. Осы орайда атаулы күнге байланысты «Ертіс Медиа» ЖШС-нің құрамындағы облыстық «Saryarqa samaly», «Звезда Прииртышья» газеттері, «Naizatas» журналы және «Halyq radiosy»-ның ардагерлеріне қошемет көрсетілді.
Аға буын өкілдеріне арнайы ждастрахан ұйымдастырылып, сый-сыяпат табыс етілді. Отырыс барысында кешегі күннен естеліктер айтып, ардагерлер қауымы бір жасап қалды. Көңілді әндерді бірге шырқап, бір марқайып қалды. Серіктестік директоры Руслан Билялов еңбек ардагерлерінің қолынан тәрбиеленіп шыққан жастар бүгінде осы редакцияларда жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сол үшін де аға толқынға бас иіп, алғыс айтуымыз керек. Оларға тек зор денсаулық, отбасы амандығын тілейміз, деді. Мерекелік кездесу барысында Юрий Поминов, Идият Әбдіхалықов секілді ел ағалары батасын беріп, ізін қуған кейінгі ұрпаққа табысты еңбек тіледі.
Өз тілшіміз.