31 наурыздан бастап Павлодар-Астана арасында әуе рейстерін Qazaq Air әуе компаниясы жүзеге асырады. Аптасына төрт рет Елордаға жетуге және кері қайтуға болады.

Бұған дейін жолаушылар «Scat» компаниясының ұшақтарымен ұшқан еді. «Qazaq Air» компаниясының мәліметі бойынша, 31 наурыздан екі ортаны әуе жолымен канадалық өндірістен шыққан заманауи, жайлы De-Havilland Dash 8-Q400 маркалы ұшақтар байланыстырмақ.

Жолаушылар сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Елордадан 13:25-те отырып, 14.25-те Павлодарға қонады. Павлодардан 14.55-те аттанған жолаушылар 16:05-те Астана әуежайына жетеді. Ал жексенбі күні ұшақ Астанадан 18:50-де ұшса, 19:50-де Павлодарға қонады. Павлодардан кері Астанаға 20:20-да аттанып, 21.20-де Елорда әуежайында болады.

Бір жаққа билет құны 13 мың теңгеден басталады. Ұшу ұзақтығы – 1 сағат. Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан және өз қалаңыздың әуежай кассаларынан брондауға және сатып алуға болады.

 

Г.МАҒЖАН.