Ядролық технологиялар халық пен ядролық қондырғылар персоналының денсаулығына радиациялық әсер ету мүмкіндігімен байланысты.
Дегенмен, радиация табиғи көздерден табиғи түрде өндіріледі. Жасанды радиоактивті сәуле-ленудің адамға әсерінің табиғи радиациядан еш айырмашылығы жоқ.
Ядролық қондырғылар адамдарды және қоршаған ортаны радиоактивті материалдардың шығуынан қорғау үшін көптеген қауіпсіздік кедергілерімен жасалған. Ұлыбританияның қадағалау органының материалдарында ұсынылған есептеулерге сәйкес, британдық қоғамның кез келген мүшесі үшін ұсынылған атом электр станциясының жылдық сәулелену дозасы Ұлыбританиядан Нью-Йоркке және кері ұшу кезіндегідей болады. Адамдардың көпшілігі күнделікті өмірде әсер ететін радиоактивті сәулеленудің 0,1 пайыздан аз көлемін ядролық энергия құрайды.
Жанар САНАЛБАЙ,
Ядролық физика институты төмен фонды өлшемдер зертханасының инженері.