Ақтоғай ауданының орталығында «Таза Қазақстан» эколо-гиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған шара барысында ауыл көшелері бойындағы шөп шабылып, қоқыс-тардан тазартылды. Сондай-ақ, ағаштың артық бұтақтары кесілді.

 

Ауыл әкімі Қуаныш Пістебаевтың сөзінше, экологиялық акцияға 100-ге жуық тұрғын қатысып, 4 техника жұмылдырылған.

— Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы  Ақтоғай ауылының аумағында қарқынды жалғасуда. Бұл акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау. Өскелең ұрпақты жауапкершілікке, қоршаған ортаны қорғауға және патриоттық сезімге баулу. Бүгінде жастарды туған өлке табиғатын таза ұстауға шақыру біз үшін аса маңызды. Бұл акцияға ересектер, жастармен қатар балалар да жұмылдырылды. Біздің «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, белсенділік танытуымыз өзге ауылдарға үлгі боларына сенім мол, — деді Қ.Пістебаев.

Аталмыш жұмыстарға елді мекендегі мемлекеттік, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері, қоғам белсенділері және ауыл тұрғындары
қатысты.

 

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.