Closeup of businesswoman hands, working in office room

25 қазан — Республика күніне орай бірқатар әлеуметтік санатқа жататын аймақ тұрғындарына ақшалай төлемдер аударылуда.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдерінің айтуынша, аталған көмек мемлекеттік мереке қарсаңында бір рет қана көрсетіледі. Сонымен, оның көлемі қанша және кімдерге үлестіріледі? Бұл әлеуметтік көмек 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар мен І, ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға беріледі. Оның көлемі – 17 250 теңгені құрайды. Сонымен қатар, зейнеткерлік жасқа жеткен және ең төменгі зейнетақы немесе жәрдемақы алатын тұрғындарға 6900 теңге, ал ең төменгі зейнетақы немесе жәрдемақы алатын жасы 80-нен асқан қарттарға 10 350 теңге мөлшерінде бірреттік төлемдер қарастырылған. Аталған ақшалай көмек ағымдағы жылдың 25 қазанына дейін жоғарыда көрсетілген әлеуметтік санатқа жататын азаматтардың жеке есепшоттарына автоматты түрде аударылатын болады. Қандайда бір сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар жергілікті мекенжайы бойынша орналасқан әлеуметтік қорғау бөлімдеріне хабарласуы қажет. Ал Павлодар қаласының тұрғындары 8 (7182) 32-57-80 телефон нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алады.

Н.ШОДЫР.