Кез келген адам АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары жағдайға тап болуы мүмкін. Егер күтпеген жағдай орын алған болса, инфекцио-ниске барудан тартынбау керек. Тек дәрігер АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған тиімді препараттарды ұсына алады.
Байланыстан кейінгі алдын алу вирустың берілу тәуекелі қауіпті байланыстан кейін (қорғалмаған жыныстық қатынас, кәсіби инфекцияны жұқтыру қаупі) АИТВ теріс пациенттерге бірден қолданылады. Байланыстан кейінгі алдын алудың АИТВ инфекциясының берілуін болдырмайды деген нақты тұжырымның болмауына қарамастан, бұл – әртүрлі қауіп дәрежесіндегі байланыстардан кейін АИТВ инфекциясының алдын алудың жалғыз жолы.
Әдетте, байланыстан кейінгі алдын алу АИТВ-инфекциясын емдеу үшін қолданылатын антиретровирустық препараттарды қауіпті байланыс кезеңінен кейін 72 сағаттан кешіктірмей, алғашқы 2-3 күнде қабылдауды білдіреді, себебі дәл осы уақыт вирусқа адам ағзасында белсенді көбеюді бастау үшін қажет. Алдын алу 28 күнге созылады (4 апта), оның барысында күнделікті және қатаң түрде белгілі бір уақытта дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет. Мұндай препараттар дәрігердің нұсқауы бойынша қатаң түрде беріледі.
Аталған шаралар АИТВ инфекциясының берілу ықтималдығын азайтады, дегенмен мұндай препараттар АИТВ инфекциясына қарсы сиқырлы таблетка болып табылмайды, олар шұғыл дәрі емес және инфекциядан 100% қорғануға кепілдік бермейді. АИТВ инфекциясын жұқтыруды болдырмау және жұқтыру қаупін нөлге дейін төмендету үшін алдын алу ережелерін сақтау қажет: кездейсоқ жыныстық серіктестерден аулақ болу, жыныстық қатынас кезінде контрацепцияның тосқауыл әдісін қолдану және инъекциялық есірткіні енгізуден бас тарту.
Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы.
(20169)