Аймағымызда «Тәуелсіздік ұрпақтары сыйлығы» облыстық байқауына үміт-керлерден құжат қабылдау басталды. Мұнда өңіріміздің өркендеуіне және дамуына елеулі үлес қосқан дарынды жастарды қолдау көзделген.
Облыстық байқау жеңімпаздары 10 аталым бойынша анықталады. Мәселен, ғылым номинациясына ғылыми-зерттеу бағытындағы жетістіктері бар, озық әдістемелер енгізген, ғылымды дамытуға атсалысқан азаматтар қатыса алады. Білім аталымында жоғары академиялық жетістіктерге қол жеткізген, олимпиадалар мен конкурстарда топ жарған жастар өзара бақ сынайды. Спорттық жеңістерімен көзге түскендер түрлі деңгейдегі жарыстарда аймақ абыройын қорғаған саңлақтар спорт номинациясына үміт артады. Бұдан бөлек, мәдениет, бизнес, журналистика, өндіріс қызметкері қоғамдық қызмет, инновациялар мен технологиялар, медиакоммуникациялар аталым-дары бар.
Сыйлық алуға 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Өтінім берген сәтте үміткердің жасы 35 жастан аспауы тиіс. Міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы әрі облы-сымызға қатысы болуына мән беріледі.
Өтінімдер тамыз айының 15-іне дейін қабылданады. Қатысушылар құжаттарын Павлодар қаласында М.Жүсіп көшесі 189, 4-қабат, 412-кабинетке тапсырады. Жетістіктерін растайтын құжат-тарының бәрі түпнұсқада болуы талап етіледі. Әр номинациядан екі жеңімпаздан анықталады. Әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде сыйлық табысталады.
Г.МАҒЖАН.