Балаларға — басқа SIM-карта

Нау 27, 2025
http://i1337.photobucket.com/albums/o665/qinni80125/543534654767876c_zps9455e197.jpg]

Елімізде балаларға арнайы SIM-карта алуы міндет-телмек. Мұндай бастаманы Оқу-ағарту министрлігі ұсынып отыр. Яғни, балалардың қауіпсіздігі тұрғысынан тиімді екені алға тартылуда.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның мәлімдеуінше, балалар SIM-картасы – балалар мен жасөспірімдерге арнап жасалған мобильді байланыстың арнайы тарифтік жоспары. Мұндай SIM-карталарда арнайы сүзгі болады. Ол балалардың кейбір сайттарға кіруіне және интернетте белгілі бір контентті көруіне жол бермейді.

— Қазіргі таңда SIM-карталарды енгізу уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, талқылануда. Балаларға мұндай карталарды енгізуді кешенді жоспар жобасына қостық. Байланыс операторлары балалар қолдануға арналған арнайы SIM-карталар шығаруы тиіс. Ата-аналар дәл сондай SIM-карта-ларды сатып алуы қажет, — деді Еділ Оспан.

Бұл ретте министрлік халықа-ралық тәжірибені зерделепті. Көптеген елдерде балалардың SIM-карталарына арнайы сүзгі мен тариф орнатады екен. Осылайша, арнайы карталар арқылы балалардың ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек. Әзірше, мұндай SIM-карталардың сатылымда қашан пайда болатыны белгісіз. Құзырлы органдармен технология тұрғысынан ескерілуі тиіс тұстары қарастырылуда. Бүгінгі таңда байланыс операторлары балалардың интернеттегі қауіпсіз іс-әрекетін бақылауды қамтамасыз ететін емес, балаларға тек білім беру ресурстарына қолжетімділік беретін арнайы тариф ұсынуда.

Министрліктегілер балалар SIM-картасында өзіндік артық-шылықтар болады деп жоспарлап отыр. Яғни, ата-ана бақылауы қарастырылады. Ата-аналар баланың телефонды қалай пайдаланатынын қадағалай алады. Қауіпсіздікпен қамтамасыз етіледі. Нақтысы, арнайы кіріктірілген сүзгілер жағымсыз контенттен баланы қорғайды. Геолокация да болады деп күтілуде. Бұл мобильді қосымшалар арқылы баланың қайда жүргенін көру мүмкіндігін береді.

Г.МАҒЖАН.