Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 және 8 жастағы екі бала өлі күйінде табылды. Полицейлер екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 5 қазанда Галицкое ауылының маңында болған.
— Сағат 22:20 шамасында учаскелік инспекторға ауыл тұрғыны хабарласып, сағат 21:00-де жұмыс істегеннен кейін үйіне оралғанда үйде 7 және 8 жасар ұлдарын таппағанын хабарлады. Әйел балаларды іздеуде көмек сұрады, — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Учаскелік полицеймен бірге ауыл тұрғындары да балаларды іздеуге кірісті. Екі бала жарты сағаттан кейін ауылдан 500 метр қашықтықта табылды.- Сыртқы зорлық-зомбылық белгілері жоқ балалардың денелері ауылшаруашылық жерлерін суаруға арналған жасанды су қоймасы суынан табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Полицейлер балалар суға батқан су қоймасы қоршалмағанын анықтады.- Суару жүйесіне арналған гидротехникалық құрылыста қоршаулар жоқ, аумақта жарық жоқ, тыйым салатын белгілер жеткіліксіз – мұның бәрі адамдардың өміріне қауіп төндіреді. ҚР ҚК 277 — бабы, 3-бөлігі «құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған» және ҚР ҚК 254-бабы бойынша «міндеттерге жосықсыз қарау» бойынша тергеу туралы шешім қабылданды, — деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Бірінші баптың санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Екінші бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Өз тілшіміз.