Жуырда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылды Ислам және дәстүр құндылықтары жылы деп атаған еді. Осыған орай аймақта Ертіс-Баян өңірі имамдары арасында осы жылдың алғашқы алқалы жиыны өтті.

Облыстың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлының төрағалығымен өткен жиынға аудан-қала имамдары, мешіт ұстаздары қатысып, 2024 жылы, яғни Ислам және дәстүр құндылығы жылы атқарылатын жұмыс жоспарын талқылап, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының берген тапсырмаларын жеткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, жуырда бас имам қалалық мешіттердің белсенді азаматтарымен жүздесіп, ҚМДБ-ның ұстанып келе жатқан бағыт-бағдары туралы жан-жақты түсініктеме берді.  Жиын барысында ол жастарға ата-бабадан жалғасқан дәстүрге үлгі-өнеге көрсетіп, олардың ортасында ізгілікті насихаттап, игілікті іс жасау жолында еңбек сіңірген, көп жылдар бойы мешіттермен тығыз байланыста болған бірнеше ақсақалға алғысын айтып, Алғыс хаттарды табыс етті.

 

Өз тілшіміз.