Әрбір мұсылман үшін Құранды танып, оқи білуі маңызды. Сондықтан облыстағы әр мешіттің жанында Құран үйрету курстары жұмыс істейді. Олардың ұйымдастыруымен түрлі сайыс та тұрақты түрде өтеді.
Алла Тағала: «Құран оқыл-ғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақым-дылыққа бөленесіңдер» десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткен-дерің» деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машық-танған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз.
Осы орайда Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі мешітте Рамазан айының құрметіне балалар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Қатысушылар билет бойынша берілген сүрелерді жатқа айтты. Келесі кезекте Құранды бетінен оқып, Алланың асыл кітабын дұрыс және көркем оқу шеберлігін көрсетті. Одан соң, оқыған беттерін тәжуид ережелері бойынша талдау жасады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған шәкірттерге ақшалай сыйлықтар берілді. Ал барлық қатысушылар 5 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.
Осы іспетті сайыс екібас-тұздық жамағат арасында да өтті. Рамазан айының құрметіне Екібастұз қалалық мешітінде ұйымдастырылған жарысқа қатысушылар көп болды. Нәтижесінде Арман Хамит есімді азамат жеңімпаз атанды. Екінші орын Әлібек Тілеубердиновке бұйырса, 3 орынды Ахмет Юнус еншіледі. Барлық жеңімпаз бен жүлдегерге қаржылай сыйлық үлестірілді. Сонымен қатар, Екібастұз қалалық мешітінде «Рамазан қоржыны» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға 50 пакет азық-түлік таратылды.
Тілеуберді САХАБА.