Ақсу қалалық мешітінің жанынан жерлеу рәсімін ұйымдастыру орталығы ашылды. Мақсаты – жергілікті халық үшін түрлі діни және салттық қызметтерді ұйымдастыру.

 

Жаңа орталық Қазақстан мұсылмандары діни басқар-масының «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының нұсқауымен іске қосылды.

Жаңа құрылған жерлеу рәсімін ұйымдастыру орта-лығы заман талабына  сай жабдықталған. Бұл орталықтың қызметі әсіресе көпқа-батты үйлерде тұрған отбасылар үшін аса қолайлы. Яғни, өмірден өткен адамның  мәйітін сақтау, жуындыру, кебіндеу сияқты қызметтер көрсетіледі.

Аталмыш орталықтың ашылу шарасына  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы және «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының    Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ислам Төлебай қатысып, осы игі істі атқарған Ақсу қалалық мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Омаровқа және оған  қолдау көрсеткен іскер азаматтарға алғыс айтты. 

Амантай Тойшыбайұлы