Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының оқу-ағарту бөлімінің тапсырмасына орай осы жылы облыста дін қызметкер-
леріне арналған 10 күндік семинар 2 рет ұйымдастырылуы тиіс. Оның біріншісі мамыр айына жоспарланған болатын.
Жоспарға сай мамыр айының 15-і күні аймақ бойынша ауыл мешітінің дін қызметкерлерін толық қамтыған семинар басталды. Семинарда Құран, Тәжуид, Ақида, Фиқһ мәселелері пысықталып, дін мен дәстүр және уақыт талабында көтеріліп жатқан кейбір мәселелер талқыланады. Бүгінде Павлодар ауылындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі жанындағы «Қасым қажы» мешітінде сабақтар жүргізіліп жатыр.
Өз тілшіміз.