Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 80 жыл. Айтулы датаға орай Павлодар қалалық ардагерлер кеңесі жиын өткізіп, биыл атқарылатын шаралар барысын талқылады.

1941-1945 жылдары Павлодар облысынан майдан даласына 40 486 адам шақырылып, оның 21 мыңнан астамы қайсарлықпен қаза тапты. Ал 10 мыңнан астам майдангер түрлі орден-медальдармен мара-патталды. Жерлестеріміздің қата-рында Кеңес одағының 23 батыры, «Даңқ» орденінің толық 8 кавалері бар. Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенже Кеңесбаевтың айтуынша, облыс орталығында 60 мыңға жуық қария, оның ішінде Ұлы Отан соғысының бес ардагері мен 60 тыл еңбеккері аталмыш кеңестің құрамына кіреді.

— Соғыс жылдары майдан даласына аттанған жерлестерімізбен қатар, облыста еңбек еткен азаматтар да көп қиындықты бастан өткерді. Сол тұста облыс орталығында 4 өндіріс орны, 41 цех болды. Мұнда қарттар, әйелдер, жеткіншектер жұмыс істеді. Кей кездері тәулік бойы бел жазбай еңбек етуге тура келді. Сол тұста павлодарлықтар жылы киімдер тиелген 104 вагонды майдангерлерге жөнелтті. Біз өскелең ұрпаққа ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің осындай қайсарлығын, табан-дылығын кеңінен айтып, түсіндіруіміз керек. Олардың бейбіт күннің қалай келгенін білгені дұрыс, — дейді кеңес төрағасы.

Бұл ретте Жеңістің 80 жылдығы аясында патриоттық, тәрбиелік бағытта түрлі шара ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, Даңқ ескерткіштерін жөндеп, ардагерлер жерленген аумақтарды абаттандыру жоспарда бар.

Өз тілшіміз.