Облыстық «AMANAT» партиясы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіштерді, обелисктерді, мемориалдық кешендерді және басқа да орындарды абаттандыру бойынша ауқымды республикалық акция бастады.
Бастаманы Павлодар облысының партия мүшелері көтерді. Мәселен, облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Александр Терентьев, Ақтоғай ауданындағы обелискіні өз қаражаты есебінен қалпына келтіріп, іргелес аумақты ретке келтірді. Аталған обелиск Ұлы Жеңістің 25 жылдығына орай орнатылған. Онда жаралы жауынгерді көтеріп тұрған қайсар әйел бейнесі суреттелген. Өткен жылы бұл ескерткіш жаңартылған. Оған бір айдай уақыт кеткен.
— Тарихты сақтау — ұлттық сана мен патриотизмнің негізі. Біздің партия ардагерлерді қолдауға, ескерткіш орындарын абаттандыруға және Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін насихаттау мақсатында жүйелі түрде жұмыс істеуде. «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра» партиялық жобалары, сондай-ақ «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында біз ескерткіштер мен обелисктерді тұрақты негізде ретке келтіреміз. Бұл тек тазалау мәселесі емес, сонымен қатар Отанымыздың бейбіт болашағы үшін өз өмірін қиған азаматтарға құрмет. Барлық қазақстандықты бізге қосылуға және батырлар туралы естеліктерді сақтауға өз үлестерін қосуға шақырамын, — дейді ол.
Айта кетейік, мұндай акция Ақтөбе облысында қамтыды. Нәтижесінде Хромтау қаласындағы «Отан – Ана» ескерткішінің айналасы ретке келтірілді. Қостанай облысында белсенділер «Батырларға тағзым» мемориалының маңын тазаласа, Қарағанды облысында 101 жастағы тыл ардагері Халима Ғабдрахмановаға құрмет көрсетілді. Шымкент қаласында 50 жас белсенді Абай саябағы мен 140 мың майдангердің есімі жазылған Даңқ мемориалын тазалады. Ал Жетісу облысында Балпық би ауылында жергілікті тұрғындар панфиловшы батыр Мұсабек Сеңгірбаев атындағы саябақты тазалап, абаттандырды.
А.БОРАНБАЕВА.