Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Астана қаласының 25 жылдығына орай «Астана – әсем қала!» атты дөңгелек үстел өтті. Оған өңіріміздің белсенді жастары қатысып, Елорданың тарихы туралы мағлұмат алды.
Шара барысында Астана қаласының Елорда мәртебесінде қалыптасу тарихы, туристік әлеуметі туралы, жас шаһардың әлемдік
аренадағы орны және оны одан әрі дамыту сияқты аспектілер қозғалды.
Аталмыш музейдің экскурсиялық бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Надежда Бектұрғанова Астананың уақыт өткен сайын
дамып келе жатқанын айтты.
— Елорда – Қазақстанның жаңа тарихы жасалған қала. Жиырма бес жасқа қадам басқан шаһар тәуелсіздікпен бірге дамуға бағыт алып, батыл қадамдарымен мақсатқа ұмтылудан жалыққан емес. Егемен елімізді ертеңге жетелеген бас қаламыз – бірлік пен берекенің тоғысқан мекені, игіліктің бастау бұлағы іспетті, – деді ол.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан астанасының тарихы мен дамуы жайлы сөз қозғап, баяндамашылар еліміздің
астанасы «Толеранттылық пен бірліктің астанасы» атағына лайықты екенін ерекше атап өтті.
Айдана БОРАНБАЕВА.
Суретті түсірген – Есенжол Исабек.