Жаз бастала сала қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға сән беретін субұрқақтарды жағалайтыны жасырын емес. Олар қаланың ауа райын жақсартуға да оң серпін беріп, аптап ыстықта климатты тұрақты салқындататыны рас. Сәулет өнерінің ерекше құбылысы ретінде қарасақ, туристердің де қызығушылығын оятуда аталған субұрқақтардың маңызы зор.

 

Бүгінде Павлодар қаласында 20-дан аса субұрқақ бар. Олар қазіргі уақытта таңғы сағат 09.00-ден кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Олардың жартысына жуығы жарық, сәулеленген музыкалық техникамен жабдықталған.

Павлодар қалалық әкім-дігі баспасөз қызметінің мәлім-деуінше, 25 субұрқақтың  21-і коммуналдық меншікте. Оның 18-і — стационарлық және
интерьерлік, динамикалық, мүсіндік субұрқақ. Жуырда оларды қайта қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

— Қазіргі уақытта 21 субұрқаққа «Коммунсервис» комму-налдық мекемесі қызмет көрсетеді. Ал қалғаны — жеке меншік иелігінде. Жыл сайын нысандарды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінеді. Ал консервациялық жұмыстар, қоқыстарды тазалау, жабдықтарды бөлшектеу, қондырғыларды сақтау және бөлу сияқты жұмыстар күзде жүргізіледі, — дейді баспасөз қызметі.

Аталмыш жұмыстарға жауапты «Коммунсервис» меке-месінің мамандары жыл сайын тостағандарды, сорғы құрылғыларын тазалау, электр қозғалтқыштарын жөндеу, сыртқы қабырғаларды ретке келтіру бойынша жұмыстарды атқарады. Субұрқақтар көктемде және күзгі кезеңде тазартылып, дайындалады. Ақау болған жағдайда дереу жөндеуден өтеді.

— Бүгінде 25 субұрқақтың 24-і іске қосылған. Тек Ак.Сәтбаев-Ломов қиылысындағы субұрқаққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар электр қуатына қосылған. Онда суды соратын сорғылар орнатылған. Жүзуге тыйым салынатын белгілер бар. Бірде-бір субұрқақ шомылуға арналмаған. Ол үшін жағажайлар мен бассейндер бар, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жаз айларында тұрғын-дарды саябақтардан жиі көреміз. Олар субұрқақтардың қала сәнін келтіретінін айтады.

— Фонтандар – қаламыздың көркі. Сондай-ақ, барша тұрғынға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Адамдар кешке қарай сыртқа шығып, субұрқақты тамашалап сергіп қалары сөзсіз. Жалпы, қаладағы барлық субұрқақ өзінше әдемі. Маған қатты ұнайтыны — Орталық жағалаудағы фонтан. Сенбі-жексенбі күндері отбасымызбен бірге келіп, демалып қаламыз, — дейді Павлодар қаласының тұрғыны Альмира Сағит.

Егде жастағы адамдардан бөлек, субұр-қақтар балалар үшін де қызықты. Алайда саябақтардағы, қоғамдық жерлердегі тыныштықты, қауіпсіздікті сақтау да бәріне міндеттелген. Олай дейтініміз, балалар субұрқақтарда шомы-лғаннан кейін ондағы су тез ластанады. Тіпті, осындай жағдайлардың соңы қайғылы аяқталуда. Сондықтан қауіпсіздікті сақтауымыз керек.

 

Түйін:

Павлодар қаласындағы тұрғындардың дема-лысының, отбасылық көңіл-күйдің шырайын келті-ретін субұрқақтардың қауіпсіздігі мен тазалығына көңіл толып, көз сүйсінеді. Осындай жерлерге жиналған жұрттың да күндіз ыстықтан сергіп, кешке серуендеуге сеп болатын субұрқақтарды ұнататынын аңғардық. Сала мамандары қауіпсіздік ережелерін сақтап, суға шомылу кезінде абай болуға шақырады.

Айдана БОРАНБАЕВА.