Облыс әкімі Асайын Байханов кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл жолы өңір тұрғындары тұрғын үй, жер қатынастары, денсаулық сақтау мәселелері бойынша жүгінді.
Мәселен, Баянауыл ауданы Мұса Шорман ауылының тұрғыны облыс әкіміне елді мекенде жайылымдық жерлердің тапшы екенін айтты. Сондай-ақ, Сәтбаев ауылдық округіне қарасты жерлердің бір бөлігі мақсатына сай пайдаланылмайтынын атап өтті. Аймақ басшысы жер қатынастары басқармасына аталған фактілерді тексеріп, пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне алу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
Ал Павлодар қаласының тұрғыны әлеуметтік дәріхана ашуды ұсынып, субсидиялау мәселелерінің жай-жапсарын сұрады. Өтініш берушіге әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық құралдары түсіндірілді.
Асайын Қуандықұлы барлық өтініштер бойынша тиісті ведомстволарға тапсырма берді. Олардың орындалу барысы облыс әкімі аппаратының бақылауында болады.
Естеріңізге салайық, аймақ тұрғындары қабылдауға e-gov порталы, E-otinish.kz немесе әкімдіктің +77021661661 WhatsApp желісі арқылы жазыла алады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.