Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар ақпараттық технологиялар колледжіне барып, жасанды интеллект және оны білім беру үдерісіне интегра-циялау бағытындағы студенттік жобалармен танысты.
Зертханаларда студенттер графикалық дизайн, 3D модельдеу, прототиптеу, робототехника және виртуалды шындық саласында жасаған жобаларын көрсетті. Сонымен қатар, өңір басшысы «Прототиптеу», «Графикалық дизайн», «Инженерлік графика» және «Бейнеөндіріс» бағыттары бойынша өтетін WorldSkills өңірлік чемпионатының барысымен танысты.
Студенттермен кездесуде Асайын Байханов заманауи IT-кадрларды даярлаудың маңыздылығын айтып, дуалды оқыту мен әлеуметтік әріптестермен ынтымақ-тастықтың тиімділігін атап өтті.
— Дәл осы жерде өңірдің IT-қауымдастығы құрылуда. Біз үшін жасанды интеллектпен жұмыс істей алатын мамандарды даярлауға назар аудару маңызды. Цифрлық трансформация нақты құзыреті бар көшбасшыларды талап етеді және біз бұл бағытты білім беру жүйесінде әрдайым қолдаймыз, —
деп атап өтті әкім.
Сапар соңында облыс әкімі колледж амфитеатрында креативті жастармен кездесу өткізді. Одан кейін кәсіби шеберлік чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен бірге алма ағашының аллеясына көшеттер отырғызуға қатысты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суретті түсірген – Валерий Бугаев.