Аймағымызда наурыз айының 25-інен бастап жұмыссыз жастарға арналған «ZHAS PROJECT» жобасы бастау алады. Оның аясында 18 бен 34 жас аралығындағы 14 жасқа 1 млн теңгелік грант берілмек.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Абзал Қабдраш мәлімдеді.
Абзал Қайратұлының сөзінше, идеясы тың жоба иегеріне кемінде 6 ай жұмыс істеуге 1 млн теңгеге дейін грант табыс етілмек.
— «ZHAS PROJECT» — облы-сымыздың жастарына арналған ірі жобалардың бірі. Өткен жылы оңтайлы нәтиже берген аталмыш жоба биыл да қайта қарқын ала түспек. Шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау 25 наурыз – 24 сәуір аралығында жүргізіледі. Аталған жобаға қатысуға 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жеке тұлғалар ғана
қатыса алады, — дейді А.Қабдраш.
Аймақта өтініштерді қабылдауды «Жасыл ел» студенттік және жастар жасақтарының жергілікті штабы жүзеге асырады. Жобаның үйлестірушісі Русана Сулаймонованың айтуынша,
өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік деген 14 жоба іріктелген.
— Өткен жылы барлығы 79 өтінім келіп түсті. Арасынан үздік деген 14 жобаны іріктеп алдық. Олардың арасында көлік жөндеу, косметология, тігін өнері, оқу, медицина, сән бағыттары бар. Ескертетін жайт, келесі конкурсқа өткен жылы жеңімпаз атанғандар қатыса алмайды. Бастысы, бұл гранттар қайтарымсыз, – дейді ол.
Жастар гранттарын қаржы-ландыру, қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алуды, мамандардың қызметіне ақы төлеуді, орындарды сатып алуды және басқа да шығындарды ұйымдастырушылар грант есебінен өздері сатып алады.
— Грант қаражаты грант алушы-лардың шоттарына түспейді. Жобалық кеңселер қатысушы-лармен келісім бойынша гранттық өтінім сметасында көрсетілген тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуді дербес жүргізеді, – дейді Абзал Қабдраш.
«ZHAS PROJECT» жобасы әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын жастарды қолдау, олардың әлеуметтік-экономикалық өмірге тарту, жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешу, жастардың кәсіпкерлік идеялары мен бастамаларына көмектесуге бағытталған.
Конкурсқа өтінім беруші алдымен Қазақстан Республикасының азаматы, жасы 18-35 аралығында, өтініш беру кезінде аймақ аумағында тұрақты немесе уақытша тіркеуі және уақытша орналастырылмаған жас мәртебесінде болуы шарт. Қатысушылар Zhasproject-akmola-pavlodar.kz веб-порталы арқылы өтініш бере алады.
Байқау шеңберінде Павлодар облысында мемлекеттік гранттың
әр жобасында 14 жеңімпаз анықталады. Олардың әрқайсысы 1 млн теңгеге дейінгі сомадағы гранттарды иеленеді. Сонымен қатар, жоба аясында қатысушыларға арналған кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бойынша тренингтер мен шеберлік сағаттары ұйым-дастырылады.
Айдана БОРАНБАЕВА