Облыс орталығында аймақ басшысы Асайын Байхановтың қатысуымен ҚР Президенті атынан мерекелік шырша өтті. Мерекеге облыстың ауыл-қалаларынан 9 жастан 13 жас аралығындағы 150 бала шақырылды. Бұл — жетім балалар, ерекше қажеттіліктері бар, көпбалалы отбасылардан шыққан, оқуда, спортта, шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар.
Балаларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облыс әкімі Асайын Байханов құттықтап, балаларға мықты денсаулық, зор табыс тіледі. Өз күштеріне сеніп, қиындықтардан қорықпау керектігін ескертті.
— Жаңа жыл — шынымен де тамаша мейрам. Мен де бала кезімде бұл мерекені ерекше күтетінмін. Барлығыңа бақытты балалық шақ тілеймін. Әрдайым осылай көтеріңкі көңіл күйде болыңдар. 2024 жылы армандарың орындалып, үлкен жетістіктерге жетіңдер. Алда демалыс, күш жинап алыңдар — деп аймақ басшысы тілегін білдірді. Театрландырылған қойылым басталар алдында Президенттік шыршаның жас қатысушылары интерактивті алаңдарда ойнауға шақырылды. Балаларды VR-саяхат станциясы күтіп тұрды. Жеке алаңдарда суретшілер мен қолөнершілер жаңа жылдық ойыншықтар жасады. «Ертегіге саяхат» станциясында мерекеге қатысушылар зияткерлік жекпе-жектерде бақ сынасты, ал ең батылдары «Аквагрим» станциясына барып, аз уақыт сүйікті кейіпкерлеріне айналды. Асайын Байханов қол ұстасқан балалармен бірге «Жасыл шырша әнімен» шыршаны айналып, ертегі кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақар, Айдаһардың қатысуымен «Қош келдің, Жаңа жыл!» театрландырылған қойылымды тамашалады. Әрбір бала Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің атынан атаулы құттықтау хатын, 150 мың теңгеге ақшалай сертификат, кітап, ойыншық және тәттілер алды. Мерекелік қойылым соңында балаларға «тәтті дастархан» жайылды. Сондай-ақ, кеше осы мәтінде облыс және қала әкімінің шырша мерекесі өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суретті түсірген — Валерий Бугаев.