Желбірей түс, көк Ту!

Мау 6, 2024

Бұрнағы күні елімізде Мемлекеттік рәміздер күні тойланды. Айтулы датаға орай облыс орталығында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті.

 

Шараға облыс әкімі Асайын Байханов, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, Шекара қызметі, №5512, 6679 әскери бөлім мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, қоғам белсенділері, ардагерлер және студенттер қатысты.

Алдымен Павлодар гарни-зонының командирі Сәкен Шырынханов аймақ басшысына салтанатты шараға дайындығы жөнінде рапорт берді. Одан кейін өңір басшысы Мемлекеттік Туды көтеруді бұйырды. ҚР Мемлекет-
тік Әнұранның сүйемелде-уімен Мемлекеттік ту көтерілді. Жиналғандар әскерилердің саптық шеруін тамашалады.

 

Нұрлан НӘБИЕВ,

облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:

— Мемлекеттік рәміздер — егемендігіміздің белгісі.  Көк туымыз – Тәуелсіз Қазақстанның басты рәмізі. Халқымыз үшін азаттықтан асыл, байрақтан биік құндылық жоқ. Қала қонақтары мен тұрғындарын мерекемен құттықтаймын. Аспанымыз ашық болып, көк байрағымыз мәңгі желбіресін!

 

Маханбет АМАНГЕЛДІ,

облыстық мәслихаттың депутаты:

— Ту — елдік пен ерліктің символы, мызғымас мемле-кеттің белгісі. Елтаңба азаттықты айшықтаса, Әнұранымыз — еркіндіктің үні. Осы үш символ әрқайсы-мыздың кеудемізге мақтаныш ұялатып, рух береді. Өйткені, бұл — бабаларымыздың орындалған арманы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – біздің борышымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Суреттерді түсірген — Есенжол Исабек.