Кеше облысымызда шыбыншіркеймен күрестің кезекті кезеңі басталды. Аққулы ауданынан Ертіс өзенінің арнасына жәндіктердің дернәсілдерін жоюға арналған биологиялық препараттың бірінші партиясы – 34000 литр биопрепарат жіберілді. Облыс әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданына жұмыс сапары барысында Бесқарағай ауылы тұсында жүргізілген өңдеу жұмыстары барысымен танысты.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқар-масының басшысы Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, қазір шыбын-шіркей дернәсілдерінің даму процесі жүріп жатыр. Өткен жылы олардың саны бір шаршы дециметрге 1100 болса, биыл – 800. Оны одан әрі азайту үшін Ертіс өзеніне биологиялық препа-
рат құйылады. Кеше оның бір бөлігі Ертіс өзеніне Бесқарағай ауылының маңынан құйылды. Сонымен қатар, Қарақала, Новоямышев ауылдарынан және Ақсу қаласынан биологиялық препарат жіберілді. Маңызды шара шыбын-шіркейдің көбеюіне тосқауыл жасайды. Айта кетерлігі, биыл Ертіс өзенінің тармақтары да қамтылып, өңірде шыбын-шіркей санының едәуір азаюына ықпал етпек.

– Өңдеу жұмыстарын бақы-лауда ұстау керек. Мерді-герлермен келісімшарттың ерекшелігі – өңдеу жұмыс-тарының тиімділігі ғылыми түрде дәлелденгеннен кейін ғана ақысы төленеді. Шыбын-шіркейдің азайғанын немесе көбейгенін бағалаушы негізгі барометр – тұрғындар, – деді Асайын Қуандықұлы. Облыс әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданының Жамбыл ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалармен танысты. 1985 жылы пайдалануға берілгенген нысан – бұрынғы мәдениет үйі тоқырау кезінде он жылдан астам уақыт бос тұрған. 2007 жылы жөндеу жұмыстары жасалып, іске қосылған мәдениет үйінде қазір вокал, би, театр үйірмелері және ауылдық кітапхана жұмыс істеп тұр. Биыл Жамбыл ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 100 млн 707 мың теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта мәдениет үйінің терезелерін ауыстыру, ішкі әрлеу және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.  Мердігер – «Иман» ЖШС. 15 мамырда басталған жөндеу жұмыстары 30 тамызда аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, Жамбыл орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 271,9 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда мердігер ұйым – «ГрандСтройСервис» ЖШС мектептің сыртқы қоршауын, жылыту батареяларын бөлшектеу жұмыстарын жүргізуде. Биыл Жамбыл ауылындағы Тәуелсіздік, Гагарин, Жамбыл, Достық көшелерінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу жоспарланған. Жалпы ұзын-дығы 6,151 шақырым болатын жолдарды жөндеуге 249,3 млн теңге қарастырылған. «Дорстрой» ЖШС жұмыстарды ағымдағы жылдың 7 маусымында бастауды жоспарлауда. Сондай-ақ Ямышев ауылдық округінің Қызылқоғам ауылында «Life stroy Invest» ЖШC ұзындығы 6470 шақырым болатын жеңілдетілген су құбырын тартуда. Жобаға 337 млн 294 мың теңге бөлінген. Бұл жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аққулы ауданына жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі Асайын Байханов мердігерлерге қолға алған жобаларын уақытылы аяқтау қажеттігін ескертті.

Т.ӘБІЛДА.

Суретті түсірген – Есенжол Исабек.