Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында жылу-электр орталығындағы, сондай-ақ, магистральдік және квартал ішіндегі жылумен жабдықтау желілеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Сонымен қатар, өңір басшысы алдағы жылу беру маусымына дайындық бойынша жедел штаб отырысын өткізді.
Екібастұз ЖЭО-дағы қазандықтар мен негізгі жабдықтарды жөндеу жалғасуда. Бұған 270-тен астам адам жұмылдырылған. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. №11, №12, №13, №14, №15 қазандық агрегаттарында қазандықтар мен оттықтардың жақтауын, экрандық панельдерді, газ құбырларын, шаң құбырларын және тағы басқа монтаждау және құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айының соңына дейін 4 жылу магистралін қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда. Бұл учаскелерде 120-дан астам адам және 48 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта жаңа желілер мен жылу камералары орнатылды, жақын арада абоненттерді қосады, содан кейін мамандар жаңа желілерді жуу және тазарту жұмыстарын жүргізеді. Желілердегі барлық дәнекерлеу жұмыстары дефектоскопияның ультра-дыбыстық әдісімен жүргізілуде. Тұрғын үй қорын жылу қабылдауға дайындау жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Екібастұз әкімінің ақпараты бойынша дайындық актілерін 643 көпқабатты тұрғын үй (690 үйден) алған. Бұл үйлерде жылу тораптары мен ішкі жүйелерді жуу және нығыздау орындалды. 490 тұрғын үйде жүйені баптау орындалды, дроссель құрылғылары орнатылды және шайбалау жүргізілді. Екібастұздағы гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша желілердің неғұрлым әлсіз учаскеле-рінде 109 ақау анықталды. Бүгінгі таңда 71 ақау жойылды. Облыс әкімі жылу беру маусымына дайындық мәселесін қатаң бақылауда ұстауды, жұмыс қарқыны мен олардың сапасын төмендетпеуді тапсырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Екібастұз қаласының әкімдігімен бірлесіп жаңа 7/2 жылу магистралін және техникалық судың резервтік суағарын салу үшін қажетті құжаттаманы дайындау тапсырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.