Қоғамда қашан да еріктілердің орны ерекше. Әсіресе, олардың ерлігін жыл басында еліміздің бірнеше аймағында орын алған су тасқыны кезінде байқай алдық. Мұндай ел басына күн туған уақытта құтқарушылармен бірге аймақ тұрғындары мен олар да жұдырықтай жұмылып, ортақ іске бірікті. Сондай жігерлі, жалынды еріктілердің бірі – Арман Ысқақов.
Бала кезден елгезек, жақсылыққа жаны құмар, ақкөңіл Арман бүгінде айналасында көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып жүр. Содан болар, бүгінде ол қаламыздағы белсенді ерікті жастардың қатарында жүр.
Арман облыс деңгейінде өтетін қоғамдық шаралардан бөлек, респуб-ликалық деңгейде ұйымдастырылатын игі шараларға да белсенді қатысады. Мәселен, осы жылдың сәуір айында су тасқынынан зардап шеккен Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылына барып, бірнеше топ еріктімен бірлесіп, гуманитарлық көмек көрсеткен. Сондай-ақ, осындай апатқа тап болған Солтүстік Қазақстан облысына да көмек жөнелткен.
— Елімізде су тасқыны орын алған кезде Жастар бастамаларын дамыту орталығы жанынан гуманитарлық көмек көрсету бөлімі ашылды. Сол сәтте облысымыздың жаны жомарт азаматтары күнделікті өмірде қолданалатын заттар мен азық-түлік өнімдерін өз қаражаттарына сатып алып, біздің орталыққа әкелді. Ал біз сол заттарды бірнеше аймақтарға бөлдік. Алғашқы көмекті Ақтоғай ауданының Жалаулы елді мекеніне жібердік. Игі іске барлығы 6 волонтерлік ұйым атсалысты. Гуманитарлық көмектен бөлек, ауыл тұрғындарына, Төтенше жағдай қызметкерлеріне ыстық тамақ пен шай тараттық, — дейді ол.
Осы жылдың қаңтар айында бірлестікке мүше болған Арманға қазіргі атқарып жатқан жұмысы ұнайды. Мұндағы оның басты мақсаты – өзі секілді жалынды жастардың басын қосып, игі шараларға атсалысу.
А.БОРАНБАЕВА.