Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету — барша тәртіп сақшыларына жүктелген ортақ міндет. Бүгінгі таңда облыс полицейлері қала көшелерінің, автожол, теміржол және әуе нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын қорғап келеді. Осындай абыройлы азаматтардың қатарында учаскелік полиция қызметкері Бауыржан Бидаев та бар.

Жуырда учаскелік полиция қызметкері Бауыржан Бидаев тас жолда істен шыққан автобустағы Тәжікстанның 60 азаматына көмек көрсетіп, нағыз қайсарлық пен кәсібилігін танытты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, учаскелік полиция қызметкері құтқарушылардың келуін күтпестен, жолаушыларға жылы бөлмеден уақытша баспана тауып, ыстық тамақтарын берді. Бірнеше сағат бойы учаскелік полиция қызметкері жағдайды бақылап, төтенше жағдайлар қызметінің әрекетін үйлестіріп, автобус жөнделіп, жолау-шылар сапарын жалғастырғанға дейін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

– Учаскелік полиция қызметкері Бауыржан Бидаевпен болған оқиға – өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, кез келген жағдайда көмектесуге дайын адам болу қаншалықты маңызды екеніне жарқын мысал. Бұл оқиға сондай-ақ патрульдеу және адамдардың өміріне қауіп төндіретін ұсақ-түйек оқиғаларға назар аударудың маңыздылығын көрсетеді, — деді департаментте.

Бауыржан Бидаев өзінің ерлігі мен батыл әрекеті үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен марапатталды.

А.МҰҚЫШЕВ.