Еліміздің кеншілері енді 55 жастан бастап зейнеткерлікке шығу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мәселе бұған дейін талай мәрте көтерілді. Яғни, денсаулыққа зияны көп салада еңбек ететін азаматтардың ерте зейнеткерлікке шығуы керек деген ой айтылып келді. Биыл осы талап-тілек орындалмақ.
Бұл жөнінде Үкіметте өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлім етті. Айтуынша, кеншілер 55 жаста зейнеткерлікке шығуға жол ашылады. Министрлік жыл соңына дейін заң жобасын енгізбек. Бүгінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өмірді сақтандыру компанияларымен бірлесіп, тиісті есеп жүргізуде. Осы ретте, 55 жастан бастап зейнеткерлікке шығуға қойыла-тын талаптар да айқындалып жатыр. Министрдің мәлімдеуінше, мұндай мүмкіндікті пайдалануға ниетті кеншілердің үздіксіз жеті жыл зейнетақылық аударым-дары болуы шарт. Алайда, зейнет-ақылық шотында қанша сома болуы керектігі әлі айтылған жоқ.
— Мұның бәрі шахтердің зейнетақы жинағының қорына байланысты болады. 84 айдың зейнетақы жарнасы аударылуы тиіс. Осы төлемге үміткер адамдардың саны 46 мыңға жуық. Бірақ олар екі талапқа да сәйкес келуі керек, яғни, 55 жас және 7 жыл ішінде міндетті зейнетақы жарнасының болуы талап етіледі, — деді министр. Төлемдер республикалық бюджеттен, өмірді сақтандыру компаниялары мен жұмыс беруші есебінен жүргізіледі деп жоспарлануда.
Г.МАҒЖАН.