Зиянкестермен күрес күшейеді

Мам 15, 2025

Күн  жылына басталысымен Ақтоғай ауданының тұрғындарын мазалайтын басты мәселе – маса. Жыл сайын елді мекен тұрғындары қансорғыш жәндіктермен арпалысып жүреді. Биыл мәселенің алдын алу үшін ауданда жалпы ауданы 20 мың гектар жайылма аймақтарына өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

 

Биыл облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурс-тары басқармасы Ақтоғай ауданының
17 жағалаудағы елді мекенінде (Өтес, Әуелбек, Қараоба, Жаңаауыл, Исантерек, Жаңатап, Жаңабет, Естай, Мүткенов, Әбжан, Жоламан, Ақтоғай, Приреченск, Қожамжар, Қайран,
Жамбыл, Қараой ауылдарында) зиянкес-терге қарсы жер үсті дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде аталмыш басқарма «В және К ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен дезинсекциялық жұмыстарды орындауға шарт жасасты. Ғылыми сүйемелдеу бойынша қызметтерді жеткізуші «Биосфера» ғылыми-өндірістік кәсіпорны болып табылады.

Қазіргі уақытта «Бактицид» биологиялық препараты иленіп, ұшақ өңдеу үшін келді.

27 сәуірде Мүткенов ауылының маңында және келесі күні Приреченск және Қожамжар ауылдары арасында рюцевтік бүріккіштермен емдеу жүргізілді.

Айдана БОРАНБАЕВА.