Облыста өткен жылға қарағанда мемлекеттік мекемелерде санитарлық талаптарға сай емес оқиғалар саны азайған. Бұған Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістердің енгізілуі себеп болған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Ақылбекова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, жыл басынан бері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары өңірдің 63 тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақ-тану және сауда нысандарын тексерген. Тексеру нәтижелері бойынша айыппұл түрінде 32 шара қабылданды.
— Тамақ өнімдерінің сани-тарлық-эпидемиологиялық мониторингі барысында осы жылдың 9 айында барлығы 9120 өнім сынамасы зерттелді. 709 сынамада сәйкес-сіздіктер анықталды. Жазғы кезеңде облыста «Қауіпсіз өнімді таңдаймыз» акциясы өткізілді. Акция барысында тұтынушылардың қалауы бойынша жеміс-көкөніс өнімдеріндегі нитраттардың қалдық құрамына жедел зерттеулер жүргізілді. 8907 сынама зерттелді. 685 сынамада сәйкессіздіктер анықталды. Оларға 7,5 млн теңге айыппұл салынды, — дейді ол. Гүлнар Бағадатқызы, сондай-ақ, күзгі кезеңде ботулизмнің алдын алу мәсе-лелері өзекті болып отырғанын алға тартып, сақтық шараларын қолдану керектігін айтты.
— Соңғы жылдары ботулизм жағдайлары үйде дайындалған консервілермен улануға байланысты болды. Әсіресе, саңырауқұлақ өте қауіпті. Сондықтан алдын алу шараларын қолданған жөн. Үйдегі консервілердің қауіпсіздігін біле алмайсыз. Өйткені, ботулоинум токсині тағамның түсін, иісін және дәмін өзгертпейді. Консервілеу өнімдері шаң мен кірден мұқият тазалануы керек. Сондай-ақ, қақпағы ашылған банкалар мен консервілерді бірден жою керек, — дейді Г.Ақылбекова. Үй жағдайында консер-вілеуге болмайтын өнімдер бар. Қатарында ет, балық, саңырауқұлақтар және шөптер бар. Әсіресе ботулизмнің көптеген жағдайларын тудыратын саңырауқұлақтар қауіпті.
Айдана БОРАНБАЕВА.