Photo Valeriy BUGAYEV

Ертең – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Төртінші билікке баланатын аталмыш сала өкілдері қырық атанға жүк болар жауапкершілікті қайыспай көтеріп, қоғамның айнасына айналды. Бұл ретте облыстық «Saryarqa samaly» газетінің орны бөлек. Биыл 95 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан ата басылымның ұжымы үшін әр оқырман құнды. Осы орайда, кәсіби мереке қарсаңында, редакция қызметкерлерін көзі қарақты оқырман қауымға етене таныстыруды жөн көрдік. Біздің қызмет сіздер үшін!

 

Нұрбол Жайықбаев, бас редактор

Нұрбол ағам — ер қазақ, Түркі — тегі,

Мақала мен елі одан жыр күтеді.

Шектен шыққан шендінің барлығын ол

«Үркер» ұстап қолына үркітеді!

 

Гүлжайна Түгелбай, шолушы

Гүлжайнаны етеміз мақтан үнемі,

Өсуде оның кесте тігер, атқамінері.

Мәслихаттың жұмысын жазып жүріп,

Депутаттың барлығын жатқа біледі.

 

Санитас Иманғазина, жауапты хатшы

Сырымызды жасырмай, ашып көрдік,

Ән шырқаса, дауысына ғашық болдық.

«Бизнесвумен» атанған Санитастың

Сүйген ісі — газет пен кәсіпкерлік!

 

Құндыз Қабылденова,  шеф-редактор

Спортқа ғашық оның гүл-жүрегі,

Қаржы саласының дүлдүлі еді.

Мақала жазған кезде бюджет жайлы

Экономистердің барлығы дүрлігеді.

Журналист болмағанда біздің Құндыз,

Бухгалтер болар ма еді, кім біледі?! ен кәсіпкерлік!

 

Есенжол Исабек, фототілші

Есімің де ерекше, тегің де ұлық,

Жігітке жарасады сенімділік.

Фотоға түсіріп ап бір аруды,

Кейін түсір сол қызды келін қылып.

 

Маржан Шекенова, беттеуші

Сөйлейді бірде өктем, кейде ақырын,

Тыңдайды хан мен қара, би де ақылын.

Маржанның коллажы ғой дейді оқырман,

Газеттің танитындар «мейкаперін».

 

Айман Иманғазина, корректор

Жадымызда жаңғырып тұрады үні,

Жеті шелпек пісірер жұма күні.

Журналистің бәріне Айман апай —

«Қазақ тілі пәнінің мұғалімі!»

 

Аспандияр Бекмырза, беттеуші

Ниет болса, адам тасты жарады,

Ең бастысы, болсын оның  талабы.

Беттеу – өнер, үйренем деп қыр-сырын,

Аспандияр бұл жағынан жарады.

 

Зәмзәгүл Оспанова, корректор

Күнде «әріптің әлегін» жолықтырады,

Газет бетінде қаламмен «жорық» қылады.

Зәмзәгүл апамыздың көзі өткір ғой,

Тілші көрмес қатені көріп тұрады.

 

Алтынбек Мұқышев, шолушы

Агроном боп ой толғайды бетінде,

Малдың жайын ойлайды ол қыста да.

Ақындық пен ауыл деген егіз ғой,

Қос тізгінді қатар жүріп ұста да.

 

Айдана Боранбаева, тілші

Айданадай дүниеде бар қандай қыз?

Ақ келін болса екен деп армандаймыз.

Мәдениет саласын жазып жүріп

Түбі әнші болса егер, таң қалмаймыз!

 

Нұржайна Шодыр, шолушы

Журналиске талант пен талап керегі,

Қаламымен шыңдарға қанат кереді.

Білім саласын жазған соң Нұржайна қыз

Ұстаздардың өзіне сабақ береді.

 

Нұрлан Жанарбаев, беттеуші

Нұрлан аға мызғымас заңғар еді,

Көңілі – жас, көктем ғой мәңгі әлемі.

Зейнеткерлер ішінде ең кішісі, 

Беттеушілер ішінде ардагері.

 

Айдана Қуанышева, шолушы

Тау көтерер бұл қыздың талабы – нар,

Үлкендерге – ізетті, балақұмар.

Сауал — сізден болса егер Айдананың,

Кез келген сұрақтарға жауабы бар!

 

Тілеуберді Сахаба, тілші

Тура жолда жүргеннің көші жарық,

Тілеубердінің әрдайым досы – халық.

Сұхбат берген адамның барлығын да

Дұғасына жүреді қосып алып.

 

Әріптестерін әзіл-жырға қосқан — Алтынбек Мұқышев.