Жұртшылықтың басым көпшілігі атом электр станциясындағы қалдықтардан қорқады. Жылу-электр станциясының атом электр станциясының айырмашылығы — күлді екінші рет қолдануға болмайды.

Ал атом электр станциясының қалдықтарын болашақта станцияның жаңа түрлеріне қайта қолдануға болады. Яғни, ол — дайын тұрған отын. Міне, осы технология қазір әлемде дамып келе жатыр. Бұл ретте тек шет ел ғалымдарына ғана арқа сүйемеу керек. Қазақстан да өз үлесін қосуы үшін жаңа атом электр станцияларын салуды ойластыруда. Солардың бірі — кіші модульді атом электр станциялары. Сондықтан бұл жердегі мәселе радиацияны сақтап қойып, ол ондаған жылдар жылу бөлініп отырады деген сөз жоқ.

Атам электр станциясының құрылысына 8 мыңға жуық адам жұмылдырылады. Сарапшылардың пайымдауынша, оның ішінде 7 мың қазақстандық болады. АЭС салуға үміткер кәсіпорын өкілдері тағы бір мың адамды шет елден әкелуі мүмкін. АЭС іске қосылғаннан кейін қажетті адамдар саны – 2000. Оның 400-і жоғары білімді болуы тиіс. 1400 адам техникалық білімді меңгеруі керек. Ал 200-і — қосымша мамандар. Яғни, қарауыл, көшені тазалаушылар. Осы 200 адамды ядролық физика институты дайындай алмайды.

57 жылдың ішінде біздің оқу орны 3 ұрпақ кадр дайындады. Сондықтан кадр дайындау ешқандай қорқыныш тудырмауы қажет. Онымен қоса, елімізде 3 оқу орталығы бар. Олар Америка Құрама Штаттарының энергетикалық министрлігінің қаржылай көмегімен ашылды. Үш орталықта 5 мың маман дайындады. Сондықтан 1400 кадр дайындау аса қиындық тудырмайды. Оқу орталықтары әлем бойынша мықты оқу орны болып есептеледі.

 

Саябек САХИЕВ,

Ядролық физика институтының директоры.