Photo Valeriy BUGAYEV

Өткен сенбі күні Екібастұз қаласында кеншілер күні кең ауқымда аталып өтті. Ақындар мүшәйрасы, спорттық жарыстар, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Облыс әкімі Асайын Байханов шахтерлерді кәсіби мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы көмір өнеркәсібі бірнеше ұрпақты жалғап, еңбек дәстүрін дәріптеп келе жатқанын атап өтті.

— Екібастұздық кеншілерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің көмір өнеркәсібінің даму тарихы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан еңбек дәстүрлерін сақтаған мыңдаған екібастұздық отбасын біріктіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еңбек адамы ерекше құрметке ие болуы тиіс екенін үнемі атап өтеді. Күн сайын сіздер шыдамдылық пен батылдық танытып, еліміздің және оның болашағының игілігі үшін адал еңбек етіп келесіздер. Сол үшін сіздерге зор алғысымды білдіремін, — деді аймақ басшысы.

Өңірдің көмір өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар кенші Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары — «Құрмет» ордені, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.

Мерекелік іс-шара қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен концертке ұласты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.