Жылыту маусымына толыққанды дайындалмаса, қақаған аязда оқыс оқиғалар орын алуы әбден мүмкін. Сондықтан қазірден-ақ қыстың қамына мықтап кірісу керек. Алайда өңірдегі білім беру мекемелерінің жартысынан астамында әлі дайындық актісі жоқ. Сонда бұл мекемелер жылыту маусымына қашан әзір болады?
Бұл ретте, облыс әкімдігінде аймақ басшысы Асайын Байхановтың қатысуымен алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары талқыланды. Облыстық энергетика және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәлі-метінше, бүгінде 586 білім беру мекемесінің 538-інде жылу беру маусымына дайындық жүргізілді. Алайда, дайындық туралы актілерді тек 220 ұйым алған. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет нысандары 93-95 пайыз дайын, кестеден артта қалушылық жоқ. Жоспар бойынша әлеуметтік нысандарға көмір жеткізілуде. Тұрғындарға арналған көмір қоры 12 мың тоннадан асады.
– Біздің басты міндетіміз — барлық тұрғын үй және әлеуметтік нысандарды 100 пайыз дайындау. Бұл ретте, әлеуметтік нысандардың, мектептердің, бала-бақшалар мен ауруханалардың дайындығына әкімдер жеке жауапты болады. Сіздердің міндеттеріңіз — ведомствоға қарасты болмаса да, аумақтарыңыздағы нысандардағы барлық жөндеу жұмыстарына бақылау жасау, — деді Асайын Байханов. Жиналыстың қорытындысы бойынша аймақ басшысы аудан әкімдері мен салалық басқар-малардың басшыларына 15 қыр- күйекке дейін барлық әлеуметтік нысандарды жылу қабылдауға дайындауды, ал 1 қазанға дейін әлеуметтік нысандарды қатты отынның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етуді тапсырды.
Өз тілшіміз.