Орман отқа оранбасын десек…

Мам 22, 2025

 Көктем шығып, жаз жақындаған сайын орман мен дала өрті қаупі күшейеді. Ресми дерекке сүйенсек, биыл Павлодар облысында жыл басынан бері жалпы аумағы 50 гектардан астам жерге залал келтірген 15 өрт оқиғасы тіркелген.

Осы жылдың 7 сәуірінен бастап өңірімізде өрттің алдын алуға бағытталған қауіпті кезеңге дайындық басталды. Oблыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқар-масының басшысы Оразбек Уәлихановтың мәліметінше, өрттің алдын алу мақсатында құрылған мобильді топтар 500-ден астам рейдтік іс-шара өткізген. Бұл тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған 226 жеке тұлғаға жалпы құны 350 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды. Ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен, шаруа қoжа-
лықтарымен және орман алқап-тарында тұратын тұрғындармен бірге шамамен 569 нұсқама, 202 түсіндіру жиыны ұйымдастырылып, 6 мыңнан астам адамды қамтыған дөңгелек үстел өткізілді.

Табиғи өрттерге қарсы күреске техникалық және адам ресурс-тары жұмылдырылып отыр. Қазіргі таңда өрт сөндіру күштерінің қатарында 61 техника, 117 адам-
нан құралған жеке құрам бар.

Павлодар облысының кейбір орман мекемелерінде өрт қауіп-тілігі деңгейі төртінші және бесінші кластарға жеткен. Өрт қаупі жоғары кезеңдерде орманды қорғау үшін «Ертіс орманы» табиғи резерваты мен «Баянауыл» ұлттық табиғи паркі аумағында авиациялық патрульдеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, өңір ішінде орман өрттеріне қарсы арнайы өрт сөндіру бекеттері мен бағандар орнатылған, — деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы opмaн және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы Шамиль Елубаев.

Табиғатты қорғау – мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Өрт қаупіне табиғи-климаттық ерекшеліктермен қатар, тұрғындар тарапынан өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы да әсер етуде. Осыған орай сала мамандары табиғи өрттердің алдын алу, олардың таралуын болдырмау және уақытылы
сөндіру бойынша жасалатын іс-әрекеттің маңыздылығын атап
өтті. Облыстық ТЖД бірқатар қарапайым, бірақ маңызды ережелерді ескеруге шақырады. Мәселен, тұрғындар жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамауы, орман және дала алқаптарында от жақпауы, әйнек қалдықтары мен шыны бөтелкелерді тастамауы тиіс. Себебі, күн сәулесінің шыныға түсуі құрғақ шөптің жануына әкелуі мүмкін. Тілсіз жayдың белгілері байқалған жағдайда дереу 101 және 112 нөмірлеріне хабарлау қажет.

 Әдемі КӘУКЕН, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.

 

WhatsApp