Орталық салынады

Ақп 20, 2025

Алдағы уақытта аймағымызда жарымжан жандарды оңалтуға арналған жаңа орталық бой көтереді деп жоспарлануда.

Аталмыш орталықтың құрылысы «Әлеуметтік нысандарды дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Онда мүгедектігі бар азаматтарды медициналық-психологиялық оңалтумен қатар, шығармашылық тұрғыда дамытуға, бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасауға бағытталған қызмет түрлері де көрсетілетін болады. Мамандар жаңа оңалту орталығын ашудағы басты мақсат – жарымжан азаматтардың ден-саулығын қалпына келтіру ғана емес, оларды қоғамға қайтару, операциядан немесе ұзақ емделуден кейінгі кедергілерді жеңуге көмектесу екенін атап өтті.

Ағымдағы жылы аталмыш жобаны қаржыландыру мәселесі шешіліп, одан кейін құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.

Нұржайна ШОДЫР.