Алдыңғы жылдары Ақтоғай ауданының орталығында дәрігерлерге арналған жатақхана салынып, кадрларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі назарға алынған болатын. Биыл да денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар аз емес.
Аудандық аурухана басшысының міндетін атқарушы Бақтыгүл Қабжапарованың айтуынша, биыл Жалаулы, Мүткенов және Әуелбек ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Тиісті жұмыстар биыл тамыз бен желтоқсан айлары аралағында аяқталады деп күтілуде. Айтпақшы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қаражат бөлініп, үш санитарлық көлік сатып алынбақ.
– Биыл ауданның денсаулық сақтау саласы үшін жемісті жыл десек, артық айтқанымыз емес. Ұзақ уақыт жөндеу көрмеген нысандар жаңа кейіпке енетін болады. Денсаулық сақтау басқармасынан электрокоагулятор сатып алуға 2,2 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, 5,5 миллион теңгеге аудиологиялық скрининг және есту диагностикасына қажетті жаңа қондырғылар сатып алынады. Гинекологиялық орындық пен функционалды кереуеттер де жеткізіледі. Алдағы уақытта Ұлттық жоба шеңберінде Шұға және Шілікті ауылдарында медициналық пункт салынады деп күтіліп отыр, – Б.Қабжапарова. Кадр мәселесіне тоқталсақ, биыл аудандық аурухана 4 маманмен толыққан. Жыл соңына дейін тағы 3 медбике жұмысқа орналаспақ. Жоғарыда жазғанымыздай, мамандарға жайлы баспана ұсынылады.
– Жыл сайын еліміздің оңтүстік өңірінен жас мамандар қатарға қосылады. Оларға ыңғайлы жағдай жасауға тырысамыз. Көтермеақылары беріледі. Сондай-ақ жеңіл-детілген несие алуға мүмкіндік бар, – дейді ол.
Оралхан ҚОЖАНОВ,
Ақтоғай ауданы.