Ауыл шаруашылығы — ел экономикасындағы әлеуеті жоғары бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа Жолдауында аграрлық салаға қатысты ерекше тоқталып өтіп, шаруаларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіруді тапсырды. Ауыл шаруашылығы саласындағы сақтандыру да түбегейлі өзгеріп, еліміздегі несие серіктестіктерінің жұмысы да басқа арнаға ауысады деп күтілуде. Сонымен, биыл аграрлық секторда қандай іргелі өзгерістер енгізілмек?
Салық жүктемесі артпайды
Қазақстанның Үкіметі 28 қаңтарда ҚҚС өсімін қамтитын салық саясатын өзгерту жоспарларын жариялады. Оның мөлшері әзірге талқылануда, бірақ максималды өсім 20 пайызға дейін болуы мүмкін. Алайда Вице-премьер –
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашы-лығы тауарларын өндірушілерге салық жүктемесін арттыру әлі жоспарланбағанын айтты.
Бір мезгілде бизнеске әлеуметтік салықты және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы төлемдерін қысқарту бөлігінде жүктеме азайтылатын болады. Қазіргі уақытта есептеулер мен талқылаулар жүргізілуде, соның ішінде бизнес-қоғамдастықпен. Қазір әр сала үшін салық жүктемесінің коэффициентін енгізу туралы ұсыныс талқылануда. Бұл ұсыныс Үкімет жақын арада Парламентке енгізетін Салық кодексіне түзетулер жобасында көрініс табуы мүмкін.
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елімізде түрлі салық режимдері бар екенін мәлім етті. Атап айтқанда, жылдық жиынтық табысы ҚҚС шегінен аспайтын кәсіпорындар бұл салықты төлемейді. Сонымен қатар, вице-премьер көлеңкелі экономиканың басым бөлігін ауыл шаруашылығы мен сауда иеленетінін атап өтті. Бизнестің көлеңкеге түсуіне жол бермеу үшін Үкімет қаржыландырудың тиімді құралдарын ұсынады. Оның ішінде, ҚҚС түсімдерін даму бюджетін ұлғайтуға бағыттау жоспарлануда, ол өз кезегінде экономиканың нақты секторына бағытталатын болады.
— Ауыл шаруашылығы үшін біз ҚҚС көтеру бөлігінде жағдайды өзгертпейміз. Біздің даму институттары апатты түрде жеткіліксіз қаржыландырылады. «Даму» қорында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, инженерлік коммуникация инфрақұрылымын орнатуға қаражат жетпейді делік. Аграрлық несие корпорациясына жеткілікті қаржы бөлеміз, – деді Серік Жұманғарин.
Ол мемлекеттік қолдаудың ұсынылған шаралары көлеңкелі экономиканы қысқартуға ықпал ететінін атап өтті.
— Біз даму институттарын капиталдандыруды, белгілі бір бағыттар бойынша бюджеттік несиелер беруді, сондай-ақ бизнеске қаржылық емес көмекті, оның ішінде оқытуды ұсынуды жоспарлап отырмыз. Бірақ оның орнына біз кәсіпкердің белгілі бір салық жүктемесіне жауап беруін сұраймыз, — деді С.Жұманғарин.
Экономикалық ынталандырулар жасалды
Қазақстанда ауыл шаруашы-лығы кооперациясын дамыту үшін заңнамалық және экономикалық ынталандырулар жасалды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу кезінде коопера-тивтердің артықшылығы болады, ауылдардағы бизнесті жеңілдікпен шағын несиелендіру бағдарламасы және басқа да жобалар қолда-нылады.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігу жеке шаруа қожалықтары мен шағын шаруашылықтарды табысты дамыту үшін ең оңтайлы нұсқа екенін атап өтті. Соның ішінде олар өндірісті ұлғайту және өнімді кепілді өткізу үшін АӨК-нің орта және ірі субъектілерімен біріге алады.
Кооперацияны ынталандыруға, атап айтқанда, «Ауыл аманаты» жобасы бағытталған, оның шеңберінде 100,5 млрд теңге сомасына 15,5 мың микрокредит берілді. Оның ішінде 9,7 млрд теңгеге 442 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды. Пайыздық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын микрокредиттер мал шаруашылығын, өсімдік шаруа-шылығын, ауыл шаруашылығы кооперациясын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы емес
бизнесті дамытуға беріледі.
Бұдан басқа, 2024 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі байқауларға қатысатын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қосымша балл беруді көздейтін жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізілді. Бұл кооперативтерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алу кезінде басқа ауыл шаруашылығы өндірушілерімен салыстырғанда артықшылық береді.
— Қазіргі уақытта ауыл шаруа-шылығы кооперативтерінің мемле-кеттік қолдау алу үшін басқа ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тең мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, елде ауылдық аумақтарды дамыту Тұжырымдамасы және халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы іске асырылуда. Барлық қолдау шаралары ауылдық елді мекендерді дамытуға және ауыл тұрғындарының кетуін азайтуға бағытталған, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Айта кетейік, 2024 жылы «Бәйтерек» холдингінің еншілес және тәуелді компаниялары
ауылдық кәсіпкерлікті қолдауға 585 млрд теңге бөлді. Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап «Дипломмен — ауылға!» жобасы аясында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие мөлшері 2 мың — 2,5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Бағдарлама іске қосылады
Қазақстанның Ауыл шаруа-шылығы министрлігі 2025 жылы мал шаруашылығы саласын қолдау үшін жаңа жеңілдікті несие өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің отырысында мәлімдеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өнімді өндіру және қайта өңдеу бөлігінде мал шаруашылығын қолдау жөніндегі құралдар әзірленіп, енгізілетінін атап өтті. Бұдан басқа, АӨК жобаларын іске асыру кезінде айналым қаражатын толықтыруға ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер мен азық-түлік өнім-дерін өндіру жөніндегі ұйымдарға несие беру бойынша жаңа кепілдік беру құралы енгізіледі, онда кепілдіктер қарыз сомасының 85 пайызын қамтымақ.
Саланы қаржыландырудың басқа бағыттарына қатысты вице-министр 2025 жылы егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге 700 млрд теңге бағытталатынын айтты. Бұл фермерлерге ауылшаруашылық циклінің барлық кезеңдерінде, дайындықтан бастап егін жинауға дейін қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне кемінде 200 млрд теңге бөлу туралы мәселе пысықталуда.
— Аграрлық несие корпорациясы үшін 48,5 млрд теңге сомасында қайта өңдеу кәсіпорындары үшін айналым қаражатын сатып алуға арналған сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау арқылы жаңа тетікті сынақтан өткізу жоспарлануда. Қаржы институттарын тікелей субсидиялауға бюджет қаражатының бөлінуіне қарай қолданыстағы пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау тетігінен және жеңілдікті несие-леуге көшумен «күту парағы» тетігінен кезең-кезеңімен бас тарту ұсынылады, — деді Ербол Тасжүреков.
Техниканы есепке алу жүйесі
ҚР Ауыл шаруашылығы минис-трлігі Цифрлық даму министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп «ХҚКО 2.0» бірыңғай цифрлық платформасы шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесін құру жөніндегі жобаны іске қосты.
Ақпараттық жүйені іске қосу ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу рәсімін жеңілдетуге, сондай-ақ, аграрийлер үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жүйенің мүмкіндіктері, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін әлеуметтік жеңілдіктерді ескере отырып, электрондық кезек арқылы өтінімдерді қабылдау, орталықтандырылған деректер қоры арқылы құжаттар мен техника туралы деректерді тексеру, цифрлық тіркеу құжаттарын беру бойынша сынақтан өткізілді.
2025 жылдың екінші тоқсанынан бастап ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер ХҚКО арқылы көрсетілетін болады. Қызметтер тізбесіне техниканы тіркеу және қайта тіркеу, тракторшы-машинист куәліктерін беру, кепілдерді мемлекеттік тіркеу және техникалық байқау жүргізу
кіреді.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың айтуынша, «ХҚКО 2.0» АЖ-дегі ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқар-туға, деректерді өңдеу кезінде қателерді азайтуға және ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу мен тіркеу үшін бірыңғай цифрлық кеңістік құруға мүмкіндік береді.
— Қызмет көрсетудің цифрлық форматы Қазақстанның ауыл шаруашылығын жаңғырту мен цифрландыруға жасалған маңызды қадам болып табылады, бұл ұзақ мерзімді келешекте өнімділікті жақсартуға және аграрийлерді күнделікті қызметінде қолдануға ықпал ететін болады, — деп атап өтті вице-министр.
Алтынбек МҰҚЫШЕВ.