2025 жылы елімізде ерлерге арналған медициналық скрининг басталады. Мұндай жаңашылдық ер азаматтардың денсаулығын қадағалау мақсатында қолға алынбақ.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Министрдің айтуынша, көптеген ересектер үшін мүгедектіктің негізгі себептері – жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкология. «Келесі жылы біз 50 жастан асқан ер адамдарда инфаркт пен инсульт қаупі жоғары топтарда жүрек-қан тамырлары қаупін ерте анықтау жобасын бастаймыз. Неғұрлым ерте анықталса, асқынулардың алдын алу және денсаулықты сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болмақ», — деді министр.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, профилактикаға назар аудару және тұрақты тексерулер ғана көптеген ауру-лардың алдын алуға септігін тигізеді.

«Ер адамдарға скринингтік тексерулерден бас тартпай, денсаулыққа мән беру керектігін айтқым келеді. Бұл әрекет — сіздердің әл-ауқаттарыңызға және отбасыларыңыздың болашағына қосқан үлестеріңіз. Дәрігерлердің еңбегі мен сіздердің денсаулықтарыңызға назар аударуларыңыздың арқасында біз ортақ мақсатқа – сау және белсенді қоғамға барамыз», — деді Ақмарал Әлназарова.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.