Павлодарлық құтқарушылар жаз мезгілінде балалардың терезеден құлап кету қаупін болдырмау мақсатында профилактикалық шара ұйымдастыруда.
Бұл ретте мамандар тұрғындарға балаларды терезе алдына шығармау, оларды құлау фактілерінен қорғау әрекеттерін түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындарға тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін де түсіндірді.
Құтқарушылар көпбалалы отбасылардың жағдайына ерекше көңіл бөлді. Осы орайда, мамандар екі көпбалалы отбасының үйіне барып, терезелеріне арнайы блок-шектегіштерді орнатып берді. Бұл құрылғының көмегімен балалар терезені аша алмайды.
— Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау фактілері жиілейді. Жыл басынан бері облыста 4 бала терезеден құлады. Абырой болғанда, қайғылы жағдай орын алған жоқ. Ата-аналардан балаларды көзден таса қылмауды, оларды терезе алдына жолатпауды сұраймыз. Терезеге шығуға мүмкіндік беретін үй жиһаздарын алыс қойған абзал, — дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Айдана ҚУАНЫШЕВА.