Облыстық балалар ауруханасында тіс ауруын шұғыл түрде емдейтін стоматология жұмыс істейді. Мамандардың көмегіне тек жасөспірімдер ғана жүгіне алады.
Тіс ауруы мазалаған балаларды ауруханадағы кеңес беру-тексеру емханасына жедел жәрдем қызметі де жеткізеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ата-анасының келісімімен наркоз беру арқылы тегін ота жасалады.
— Біз барлық балаларды қабылдаймыз. Дамуында бұзылысы бар балаларға көп жағдайда жоспарлы ем жүргіземіз. Наркоз арқылы ота жасағанда барынша абай болу керек. Себебі, аллергия туындауы мүмкін. Сондықтан баланың денсаулығын толық тексеріп, ота жүргіземіз, —
дейді аурухананың кеңес беру-тексеру емхана басшы-сының орынбасары Өмірзақ Қайыргелдин.
Емханада балалардың тісін емдеумен айналысатын 5 кабинет жұмыс істейді. Ал демалыс күндері бір кабинет тәулік бойы қабылдайды. Мұнда шұғыл түрде тісті тегін жұлдыруға болады. Ал тіске пломба салу үшін балаларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.
— Стоматологиялық бөлім-шенің қызметіне алғаш рет жүгіндік. Балам ерекше күтімді қажет ететіндіктен тісіне ем жүргізу біраз қиындық тудырды. Дәрігерлер наркоз арқылы тегін ем жүргізді. 50 пайыз жеңілдікпен кейбір тістерін алдырдық, — дейді Гүлсара Қожамжарова.
Отаның сәтті өтуі үшін емханада дәрігер реаниматолог кезекшілік етеді. Маман наркоз және оңалту кезінде емделушінің жағдайына жауап береді. Мұндай стоматологиялық көмекке медициналық анықтамасыз жүгінуге болады. Тіркелу 8 (718) 2 22-88-17, 22-88-81, 22-88-84 телефон нөмі-рлері арқылы жүргізілуде. Емделушіге 2-3 күн күтуге тура келеді. Ал тістері қатты ауыратын науқастар шұғыл түрде қабылданады.
Еске сала кетейік, стома-тологиялық бөлімше қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді.
Айдана ҚУАНЫШЕВА.