Облыс орталығында қыздар арасында Хадис жаттау- дан жарыс өтті. Оған аймақтағы 8 мешіттің шәкірттері қатысты.

Жарысты ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторы ұйымдастырды. Жарыс барысында облыстың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы «Хадис жаттаудың маңыздылығы» туралы уағыз айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Хадис жарысы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әр топ қатысушылары өздерінің тобын көркем сөзбен таныстырды. Екінші кезеңде жеребе арқылы түскен хадисті жатқа айтып, Құран аятынан дәлел аят келтіріп, хадистің анықтамасын кең көлемде айтып қорытындылады. Ал үшінші кезеңде хадистерден құралған сөзжұмбақты шешті.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды қыздар жатақханасынан құралған «Бегім-ай» тобы, 2-орынды Мәшһүр Жүсіп мешіті иеленсе, 3-орынды Екібастұз қалалық мешітінің қатысушылары иеленді. Оларға ұйымдастырушылар атынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Өз тілшіміз.